Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 және «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 837 Қаулысы (2023.06.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 және «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 837 Қаулысы

(2023.06.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:

22-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұдан басқа, түсіндірме жазбада мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс:

әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;

тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтемемен жобаны қабылдау үшін негіздемелер және (немесе) оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері;

жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі түсіндірме жазбаға міндетті түрде қоса беріледі);

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции