Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Мәскеу қ., 2020 жылғы 31 қазанда)

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
(Мәскеу қ., 2020 жылғы 31 қазанда)

 

ҚР 2021 жылғы 23 қарашадағы № 74-VII Заңымен ратификацияланды

2021 жылғы 13 желтоқсанда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 20-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Келісімнің 3-бабының тоғызыншы абзацы алып тасталсын.

 

 

2-бап

 

Келісім мынадай мазмұндағы 4-2-баппен толықтырылсын:

«4-2-бап

Бірлескен кәсіпорынның бюджеттік кредит бойынша міндеттемелері жай акцияларды қосымша орналастыру және оларды бюджеттік кредит берген Қазақстан тарапына беру арқылы Бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына конвертацияланады.

«Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорация және/немесе оның ұйымдары өздерінің меншігіндегі және «Байқоңыр» кешенінің объектілерінде орналасқан «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру үшін қажетті мүлікті Қазақстан тарапына бере алады.

Берілетін мүліктің тізбесін және оны беру тәртібін «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы бекітеді

Мүлікті беруді және қабылдауды Тараптардың құзыретті органдары құрған бірлескен комиссия жүзеге асырады.

Мүлікті беру және қабылдау Тараптар мемлекеттерінің экспорттық бақылау саласындағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку