«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 13, 2012 жылғы 31 мамырдағы № 2, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2021 жылғы 15 сәуірдегі №1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 2-тармақта:
бірінші абзац мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші сөйлемдермен толықтырылсын:
«Талап қою арызы электрондық форматта берілген кезде неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасы сотқа талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданғанға дейін ұсынылуы тиіс. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда арыз қайтарылуға жатады.»;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптарды қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қою арызында Кодекстің 238-бабы 2-тармағының тәртібімен тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға жауапкердің келісімінің жоқтығы не оның қарсылығының болмауына қарамастан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарғаны көрсетіледі.»;
3) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кодекстің 17-бабының 1-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар болмаған кезде тіркеуші органда жүргізіледі.
Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу:
Демо – версия документа