(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЕТЕЛДIК ДIНИ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН...
Осы редакция 2018 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017.17.10. № 144 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің м.а.
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 190 бұйрығына
3-қосымша
«Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.17.10. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11183 болып тіркелген, «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсім-хат беру (бұдан әрі - келісім-хат) не Мемлекеттік көрсетілген қызмет Стандарттының 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
Редакция документа
Демо – версия документа