«Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 547 бұйрығы (күші жойылды)
«Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 547 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 394-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2012 жылғы 18 қаңтардағы 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11271 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (бұдан әрі - өтінім) қабылдау орны 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Үміткер өтінімге сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген үміткерлердің конкурстық ұсыныстарын ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа