«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 379 бұйрығы
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 379 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) 5-3-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа