«Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 274 бұйрығы
«Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 274 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы сертификаттық талаптарда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық оқу орталығы - авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіби деңгейін қолдауды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - АОО);
2) авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы - өз біліктілігіне сәйкес тікелей азаматтық авиация саласының мамандарын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға;
3) авиациялық персоналды кәсіптік даярлау - кәсіптік деңгейді бастапқы даярлау, қайта даярлау және қолдау;
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
5) аралас оқыту - кәсіптік даярлықты әртүрлі оқыту нысандарын біріктіру арқылы өткізу;
6) аудит немесе аудиторлық тексеру - бұл ұйымның, жүйенің, процестің, жобаның немесе өнімнің қызметін тәуелсіз бағалау рәсімі;
Демо – версия документа