«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 318 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 318 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Демо – версия документа