(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2016.27.01 № 27 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 27 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрі - 1-кәсіпорын) мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - 2-кәсіпорын) болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетiмен және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен 1-кәсіпорынды қабылдап алу-беру бойынша қажеттi ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне 2-кәсіпорынның жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге ұсынуды;
2) 2-кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Редакция документа
Демо – версия документа