«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 және «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы» 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 196 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 және «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы» 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Ұлттық Банк, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағаларының, Іс Басқарушының, астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдерінің, Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мүшелерінің, Жоғары Сот Кеңесінің Аппарат басшысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін тұлғалар) қызметін көліктік және медициналық қамтамасыз ету;»;
17-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) қызмет бағыттары бойынша ішкі аудит жүзеге асыруға;»;
4), 5), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа