«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 17 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 17 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21557 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларында:
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар жүргізушілер;»;
14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну тәсілдерін, мерзімін, нысанын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қамтитын «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) келтірілген.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және денсаулық сақтау субъектілеріне, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
Демо – версия документа