Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМ...

ҚР Үкіметінің 2020.30.07. № 491 Қаулысымен қағидамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1060 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2021 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің

кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну

қағидалары
(2020.30.07. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - ЕДБ)/микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.

2. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге көзделген жергілікті және республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку