«Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығына 3-қосымша) (2019.30.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019.30.10. № 813 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 666 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 433 бұйрығымен күші жойылды
«Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.30.10. берілген өзгерістермен)
1. «Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Портының теңiз әкiмшiлiгiмен (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - порталы) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
1) бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Мемлекеттік тутын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру;
2) кеменi бербоут-чартер тiзiлiмiнен шығару;
3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11354 болып тіркелген «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығымен бекітілген «Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-бөлім. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық бөлімшелердегі
көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
Документ утратил силу
Демо – версия документа