(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНА АТТЕСТАТТАУ...
Осы редакция 2018 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 232 бұйрығына 1-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
(2016.18.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті көрсету берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
аттестаттау өткені туралы құжаттарды қараған кезде:
құжаттар жиынтығын тиісінше ресімдемеген не толық ұсынбаған жағдайда - 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей;
аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда -15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
аттестаттау өткізген кезде - 5 (бес) жұмыс күні;
комиссия аттестаттау не аттестаттамау туралы шешім шығарған кезде - аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
Редакция документа
Демо – версия документа