(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР ЖАРЛЫҚТ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2022 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«
Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары | министрлер | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары | министрлер | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
»;
мына:
«
Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысы | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
»;
мына:
«
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы, Қару-жарақ бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
»;
мына:
«
Редакция документа
Демо – версия документа