(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.11.07 № 784 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 784 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері мен көлемі» деген жолдағы «63,1» деген сандар «41,2» деген сандармен ауыстырылсын;
«Кіріспе» деген 2-бөлімде:
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі — Банктер) және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму Банкі) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;»;
тоғызыншы бөліктегі «ұлғайту мақсатында» деген сөзден кейін «Даму Банкі берген кредиттерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«білім беру мекемесі - бизнес-тренингтер жүргізу арқылы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсететін ғылыми ұйым және «Іскер байланыстар» жобасына қатысушылардың шет елдерде тағылымдамадан өтуін консультациялық сүйемелдеу;»;
мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның қатысушылары бола алмайды.»;
«Міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
Редакция документа
Демо – версия документа