«Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 506 бұйрығы
«Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 506 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11870 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. осы Қағидалардың қолданысы егер межелі елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және оларға қатысты Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау бойынша міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары қабылданса қолданылмайды және өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат берілмейді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беруден мынадай:
1) өтiнiш берушiнің рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталуы;
2) өтiнiш берушiнің және (немесе) рұқсат беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Демо – версия документа