«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 686 бұйрығы (2020.05.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 686 бұйрығы
(2020.05.10. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібі»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жеке және заңды тұлғалар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуге өтінішті www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
1) меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
2) дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) электрондық көшірмесін.
Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болады.
Демо – версия документа