«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 919 бұйрығы
«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 919 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сатып алу жоспарларына (сатып алудың алдын ала жоспарына) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ осы Қағидалардың 287-тармағының 13), 16) және 36) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулар енгізілуге жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Осы Қағидалардың 16-тармағының талаптары осы Қағидалардың 287-тармағының 36) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
287-тармақ мынадай мазмұндағы 36) тармақшамен толықтырылсын:
«36) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мақұлданған шарттарда Ұлттық басқарушы холдинг сатып алған екінші деңгейдегі банктің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.»;
292-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа