Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 264 бұйрығы

«Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 264 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14740 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларында:

61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«61. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық анықтаманы қоса отырып, ішкі мемлекеттік бақылау бойынша жұмыс туралы есепті:

орталық мемлекеттік органдар - Агенттікке;

орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері - Агенттіктің аумақты органдарына «Е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдасқан ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.

Есеп орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ қызметін үйлестіруді мемлекекттік орган жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылаудың қорытындысын қамтиды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку