«Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 900 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 900 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 149 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сауда өкілдігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органына (бұдан әрі - уәкілетті орган) есеп бередi.
Уәкілетті орган Сауда өкілдігінің қызметiн бақылауды, сондай-ақ оны қаржылық және кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша жыл сайынғы негізде Сауда өкілдігінің жұмыс жоспарын және Сауда өкілдігі қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштерін бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сауда өкілдігінің жұмысын үйлестiредi және бақылайды»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа