(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІК КЕПІЛІН ТІРКЕУ ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ-КӨ...
Осы редакция 2016 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 300 бұйрығына 6-қосымша
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді-көшірме беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
2. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) (стандарттың 5-тармағы).
3. Көрсетілетін қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзінді-көшiрме беру болып табылады (стандарттың 6-тармағы).
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерiнің (жұмыскерлерінің) мемлекеттiк қызмет
көрсету процесіндегі әрекет тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу (бұдан әрі - сұрау салу) көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттердің) бастауына негiз болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа