«Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 96 бұйрығы
«Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 96 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28504 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларында:
9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бірақ:
1) осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтінім берілген күнге дейін соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК);
Бұл ретте өтеу сомасы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті бір субъектісіне күнтізбелік жылы теңгемен 3000 (үш мың) АЕК-тен аспайды;
2) осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтінім берілген күнге дейін соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде 10 000 (он мың) АЕК-тен аспайды.
Демо – версия документа