Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖАППАЙ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНДЕР ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ ТУРАЛ...

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі № 2143-XII Заңы

(2021.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 1994 жылғы 20 наурыздағы № 1612 Жарлығымен заңның күшi 1997 жылғы 1 сәуiрге дейiн тоқтатылды

ҚР 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 374-I Заңымен 22 және 23-баптардың қолданылуы 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге батыл бел байлап, осы қуғын-сүргiндердiң барлық құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз ету мақсатында осы Заңды қабылдайды.

 

I БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда саяси қуғын-сүргiндер ретiнде мемлекеттік органдар немесе олардың өкiлi болып табылатын лауазымды адамдары саяси себептер бойынша күзетпен қамауға алуды және психиатриялық мекемелерде күштеп емдеудi қоса алғанда өмiрiн жою немесе бас бостандығынан айыру, елден қуып жiберу және азаматтығынан айыру, өмiр сүрген жерлерiнен немесе мекендi аудандарынан аластау (айдау немесе жер аудару), арнайы қоныс аударуға жiберу, бостандығын шектей отырып ықтиярсыз еңбекке тарту түрiнде (соның iшiнде «еңбек армияларында», «iшкi iстер халық комиссариатының жұмысшы колонналарында» деп аталатындарға) жүзеге асырылатын көндiру шаралары, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн нақақтан айыптаумен, не саяси сенiмдерiнiң белгiлерiне, таптық, әлеуметтiк, ұлттық, дiни немесе басқа тегiне қарап, сот, соттан тыс не әкiмшiлiк тәртібінде әлеуметтiк қауiптi адамдар ретiнде қудалаумен ұштасқан басқа да құқықтары мен бостандығынан айыру немесе шектеу танылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку