(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «БУКМЕКЕР КЕҢСЕСІ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ Б...
Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 14 мамырдағы
№ 181 бұйрығына
4-қосымша
«Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11307 тіркелген «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - букмекер кеңсесі қызметімен айналысу айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап (бұдан әрі - лицензия немесе бас тарту туралы уәжделген жауап) болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Лицензияны, ресімделген лицензияны, лицензияның телнұсқасын қағаз тасымалдағышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді.
Редакция документа
Демо – версия документа