Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 655 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 655 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

76), 77), 79), 81), 82), 83), 85), 87), 89), 90), 92) және 94) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«76) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

77) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқық табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

«79) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

«81) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;

82) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

83) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

«85) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;»;

«87) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку