Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 105 бұйрығы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 105 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға:

1) жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген жалпы салмағы 6 тоннадан асатын немесе тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген пайдалы жүктеме 3,5 тоннадан астам) және (немесе) арнайы автомобильдері (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және (немесе) тұрақты немесе уақытша, оның ішінде экипажбен жалға алынғандарды қоспағанда, лизинг шарты, бірлескен қызмет туралы шарт, шарттың екінші тарапына шетелдік рұқсаттарды беру көзделген агенттік келісім бойынша иеліктегі арнаулы автомобильдері (әртүрлі, негізінен көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған);

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізушілердің қолданыстағы карточкасы бар автокөлік құралдарының санынан кем емес мөлшерде шетелдік азаматтарды қоса алғанда, жұмысқа орналастырылған қызметкерлері бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.

Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға:

1) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен;

2) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографтармен жабдықталған;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку