«Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 530 бұйрығы
«Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 530 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған),- бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қауіпті жүктерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілері және қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын автокөлік құралдары осы Қағидалардың 3 және 4-тарауында жазылған белгілі бір талаптарға сәйкес келуге міндетті»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік бірліктерінде осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген тік жазықтықта орналасқан қызғылт сары түсті тік бұрышты екі тақтайша болуы тиіс. Бір тақтайша алдыңғы жағына, ал екіншісі көлік бірлігінің артына бекітіледі.
Демо – версия документа