(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ, ТАУАРДЫҢ ШЫҒАРЫЛҒАН ЕЛІН, ЕУРАЗ...
Осы редакция 2019 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.23.02. № 212 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 880 бұйрығына
6-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.24.05. № 329 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының
немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.24.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.24.05. № 329 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
3) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаты (бұдан әрі - аттестат), аттестаттың телнұсқасы не сарапшы-аудитор ретінде аттестаттаудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Редакция документа
Демо – версия документа