Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 749 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 749 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия және картография, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дербес деректер және оларды қорғау, байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында және деректерді басқару бойынша (бұдан әрі – реттелетін салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;

13-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«10-1) деректерді басқару бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

10-2) деректерді басқару мемлекеттік саясатын іске асыруды қамтамасыз ету;

10-3) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;»;

15-тармақта:

мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

«46-1) мемлекеттік органдар үшін жүйелі лицензиялық бағдарламалық қамтылымды сатып алуды жүзеге асыру;»;

65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку