(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПАТОГЕНДІКТІҢ I-IV ТОПТАРЫНДАҒЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРМЕН...
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
4-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Патогендіктің I-IV топтарындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1. Осы «Патогендігі I-IV топтың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогендігі І-ІV топтардың микроорганизмдерімен және гельменттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) зертхана - органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық зерттеулерді, физикалық факторларды дозиметриялық өлшеулерді орындайтын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
2) микроорганизмдер - бұл белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануда адам денсаулығына әсер етуі мүмкін бактериялар, вирустар, микоплазмалар, риккетсиялар, хламидиоздар және саңырауқұлақтардың белоктық сипаттағы күрделі қосылыстар;
3) эксперименттік зерттеулер - шығу тегі биологиялық микроорганизмдерді, гельминттерді, уыттар мен уларды пайдаланатын жұмыстардың барлық түрлері;
4) диагностикалық зерттеулер - қоздырғышты, оның антигенін немесе оған антиденелерді анықтау және сәйкестендіру мақсатында жүргізілетін шығу тегі биотикалық және абиотикалық объектілерді зерттеу.
2-тарау. Патогендіктің I-IV топтарындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібі
Редакция документа
Демо – версия документа