«Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 616 Қаулысы
«Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 616 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импорты бойынша лицензиар;
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге, эксаумақтық реэкспортқа, импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер, Қазақстан Республикасының түпкілікті тұтынушысының сертификаты, Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қортынды беріліп импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып;
Демо – версия документа