(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.04.07 № 905 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 және «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 905 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 818-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін табыс етіледі, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғалар үшін)) (бар болса);»;
3) тармақша алынып тасталсын;
2) «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«СТН» деген 2-бағанда жөнелтуші салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Баған есептілік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тапсырылған кезде толтыруға жатады.
Редакция документа
Демо – версия документа