«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 15 наурыздағы № 112 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 15 наурыздағы № 112 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Академияның негізгі академигін сайлау үшін ғылым саласындағы уәкілетті орган өтпелі төралқа жүзеге асыратын сайлау рәсімдерін қоспағанда, конкурс басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ресми интернет-ресурста құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда:
1) конкурс өткізетін ұйымның орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген атауы;
2) конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми интернет-ресурста жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;
3) осы қағидаларда айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар және Академия бөлімшелері бойынша (ғылым салалары мен бағыттары бойынша) бос орындар саны туралы мәліметтер;
4) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі және оларды ұсыну тәсілдері туралы ақпарат;
5) конкурсқа қатысу үшін өтініштің және қызметтік тізімнің нысандары;
6) шағымдану тәртібі туралы ақпарат;
Документ утратил силу
Демо – версия документа