«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 441 Қаулысы (2024.02.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 441 Қаулысы
(2024.02.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҚДБ) және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ӨДҚ) жобалары тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен ғана қаржыландырылатын болады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейін қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.
ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.
Документ утратил силу
Демо – версия документа