«Екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 және «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 2 наурыздағы № 23 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 79 Қаулысы
«Екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 және «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 2 наурыздағы № 23 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 79 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Екiншi деңгейдегi банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті - есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 21) және 22) тармақшаларында көзделген есептілікті - есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) апта сайын осы қаулының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген есептілікті - есепті аптадан кейінгі аптаның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Есепті аптада күнтізбелік ай аяқталған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген есептілік аяқталатын айға жататын есепті аптаның күнтізбелік күндері үшін және аяқталатын айдан кейінгі айдың есепті аптасының күнтізбелік күндері үшін жеке-жеке аяқталатын айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Демо – версия документа