«Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеменің ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру » мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығына 4-қосымша) (2019.06.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.22.10. № 790 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 4-қосымша
«Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеменің ипотекасының
мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.06.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.06.03. № 114 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.15.02. № 187 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.06.03. № 114 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.22.11. № 805 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа