Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БЕРІЛГЕН СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТТАРЫНЫҢ НЕМЕСЕ СӘЙКЕСТІ...

Осы редакция 2020 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 наурыздағы

№ 331 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы

декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою

қағидалары

 1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою тәртібін айқындайды.

2. Аталған өнімнің сәйкестігін растауды, сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуді жүргізген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар берген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылуын тоқтатады немесе күшін жояды.

 

 

2. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган сәйкестік
сертификаттарының қолданысын тоқтату немесе күшін жою тәртібі

 

3. Сәйкестік сертификатының қолданысы тоқтатылады немесе күшін жояды:

1) аталған өнім өндіруді тоқтатуға немесе өзге себептер бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган мен өтініш берушінің өзара келісімі бойынша;

2) сертификатталған өнімге жүргізілген инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері бойынша;

3) сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген келісілген түзету шаралары арқылы өтініш беруші анықталған сәйкессіздік себептерін жойса және инспекциялық қайта бақылау кезінде сынақ зертханасында өнімнің техникалық регламенттерге сәйкестігін қосымша сынаусыз растай алатын болса;

4) техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда:

инспекциялық бақылау кезінде өнімді сынаудың теріс нәтижесі;

аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органды тиісінше хабардар етпей, өнімге арналған техникалық регламенттердің немесе сынау әдісінің өзгеруі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку