(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2000 ЖЫЛҒЫ 3 ТАМЫ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 және 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 1589 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат);
көрсетілген қаулымен бекітілген Қару иелері мен пайдаланушыларының бастапқы даярлығын ұйымдастыру ережесінде:
«Күзетшілерді мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау жөніндегі бағдарлама, оның мазмұны мен біліктілік талаптары» деген тарау алынып тасталсын;
2) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысында:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «үлгілері» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында (күзетшіні арнайы оқыту курсында) арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаның күзет бөлімшесінің, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлімшесінің қызметкерлері санының мынадай нормативтері:
1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:
бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;
он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
Редакция документа
Демо – версия документа