«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығына 2-қосымша) (2019.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің2016.29.02. № 100 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 301 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен күші жойылды
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2018.27.03. № 469 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсету қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет), мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Әділет министрінің 2018.27.03. № 469 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.10.01. № 8 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
ҚР Әділет министрінің 2018.27.03. № 469 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа