«Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 39 бұйрығы
«Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 39 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық тегін және ақылы негіздерде жүзеге асырылады. Ақылы негізде оқыту құнын ЖОО белгілейді.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін негізде оқуға конкурс шарттарынан өткен әскери кафедралары бар ЖОО студенттері, ал ақылы негізде оқу үшін осылайша конкурс шарттарынан өткен, әскери кафедраға бөлінген орындар санына сәйкес комиссия ұсыным берген студенттер жіберіледі.
Ақылы негізде оқу үшін меншік және бағыныстылық нысанына қарамастан, ЖОО-ның басшысы ҚР ҚМ-мен келісу бойынша әскери кафедралары жоқ басқа ЖОО-лардың студенттерін тарта алады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери кафедраларда студенттерді дайындауға жыл сайынғы қажеттілік есебін ҚР ҚМ-ның ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі жүргізеді және білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге қабылдау жылының 1 ақпанына дейін жібереді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа