Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЛ...

Осы редакция 2019 жылғы 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 1 қазандағы

№ 662 бұйрығына

25-қосымша

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2016.18.02. № 156 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы

ереже
(2016.18.02. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2016.18.02. № 156 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) аумақтық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Департаменттің заңды мекенжайы: 050016, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алматы қаласы, М. Маметова көшесі 3.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку