«Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 420-НҚ бұйрығы
«Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 420-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржа саудасының қағидаларында:
234-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«234. Сатушы - жер қойнауын пайдалануға (көмір бөлінісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші.»;
237, 238, 239, 240, 241 және 242-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«237. Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін биржалық сауда-саттыққа қатысушылар биржалық сауда-саттықты өткізгенге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын тауар биржасына қызмет көрсететін клирингтік орталықтың шотына биржалық қамтамасыз етуді енгізеді.
Биржалық қамтамасыз ету мөлшері болжамды мәміленің үш пайызынан аспайды.
Биржалық қамтамасыз етуді қайтаруды клирингтік ұйым сауда-саттыққа қатысушы ақша қаражатын қайтаруға өтініш берген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
238. Көмір тауар биржасы арқылы келесі сауда құралдарын қамтитын тиісті ерекшеліктер бойынша өткізіледі:
көмірдің түрі және оның сапалық сипаттамалары;
көмір жеткізудің орны, мерзімі, тәсілі және өзге де шарттары;
төлем шарттары;
лот мөлшері;
жеткізу аймағы;
Көмір тауар биржасы арқылы осы әкімшілік аумақ шегінде тіркелген және жеке пайдалану үшін халыққа көмір сататын көмір сатып алушылар қатысатын тиісті өңірдің тиісті ерекшеліктеріне сәйкес өткізіледі.
Демо – версия документа