«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 29 Қаулысы
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 29 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң), «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» (бұдан әрі – Қор туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін айқындайды.»;
Демо – версия документа