«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 402 бұйрығы (күші жойылды)
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 402 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның (құқық мирасқорының) қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін біріктіру, қосу жолымен веб-порталда біріктіру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін күнтізбелік жыл ішінде бір рет осы мәліметтер қолданылған жылдың алдындағы 1 қазаннан кешіктірілмей веб-порталда жаңартылады.
Бұл ретте, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның (құқықтық мирасқордың) қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін жаңарту экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші құрылымының бірінші деңгейінде (секциясында) соңғы 12 (он екі) ай ішінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалар қызметінің негізгі түрі сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
Осындай қайта ұйымдастырылған заңды тұлға (құқықтық мирасқор) туралы мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда әлеуетті өнім берушінің өтініші негізінде жаңартылады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа