«Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы
«Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарда:
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту инвестициялық жобаның ТЭН-ін түзету және жаңа ТЭН әзірлеу үшін негіз болып табылмайды.
Бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған, сондай-ақ тиісті қорытындылар берілген инвестициялық жобаның ТЭН негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы беріледі.
Демо – версия документа