«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 943 Қаулысы (күші жойылды)
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 943 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:
кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктер берген кредиттері бойынша «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі - Тетік) шеңберінде жүзеге асырылады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты:
Бағдарлама бойынша - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалған субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. Бағдарлама шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа