Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 125 Қаулысы

 «Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 125 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) 25-1-бабына сәйкес іске асырылған операцияның нәтижелері бойынша ақша төлеуді жүзеге асыру үшін акционерлердің тізімі орталық депозитарий қағидаларының жинағына сәйкес жасалады.

Орталық депозитарий осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлға (бұдан әрі - ірі акционер) өтініш берген акционерлік қоғамға (бұдан әрі - қоғам) акционерлердің өздеріне тиесілі қоғамның акцияларын ірі акционердің талап етуі бойынша Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес сату мәмілесін жүзеге асырғанға дейін ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

«12-1. Орталық депозитарий бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметі шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку