«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 403 бұйрығы
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 403 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аттестаттау мыналарды қамтиды:
1) әңгімелесуден өту;
2) аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімін шығару.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аттестаттауға келген кезде әлеуметтік қызметкер «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіптік біліктілікті тану туралы құжатты және өзінің жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлікті ұсынады.
Аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өту алдында әлеуметтік қызметкерді аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі және олардың ұзақтығы туралы хабардар етеді.
Әлеуметтік қызметкер өз таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттауды өткізу кезінде әлеуметтік қызметкердің анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануына жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар әңгімелесуден өту кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Демо – версия документа