Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «УАҚЫТША ӨТЕУСІЗ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНА АКТІЛЕРДІ РЕ...

Осы редакция 2019 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 272 бұйрығына

14-қосымша

 

 

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2016.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.21.01. № 24 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.21.01. № 24 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.20.07. № 318 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушімен, порталға жүгінген кезде 6 (алты) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.

Қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку